СУ ДЕҢГЕЙІН ҚАДАҒАЛАУ ҮШІН МОНИТОРИНГ ДАТЧИКТЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкентте төтенше жағдайды болдырмау, қауіпсіздікті күшейту мақсатында бірқатар цифрландыру жобалары атқарылуда. Атап айтқанда, қазіргі уақытта «PROLIFE» компаниясымен 10 тұрғын үйде улы газ мониторингі бойынша пилоттық режимде ақпараттық жүйе енгізілді. Орнатылған газ есептеуіштің көмегімен Ақмола көшесінде тұратын отбасы аман қалды. Биыл 1851 әлеуметтік осал топтардың үйіне аталған құрылғыны орнату жоспарлануда.

Төтенше жағдайға қатысты тағы бір жоба – өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейінің мониторингі бойынша датчиктер орнату. Бүгінгі таңда «CifrON» компаниясымен «Бадам» өзенінде, «Бадам» және «Тоғыс» су қоймаларында су деңгейін қадағалау үшін мониторинг датчиктері пилоттық режімінде орнатылып, қоймаларындағы судың толтырылуын бақылауда.
Пилоттық режимнің мерзімі аяқталуына байланысты Шымкент қаласының төтенше жағдай департаментінен нәтижесі сұратылып, оң баға берілді. Жобаның құны – 1 954 000 теңге.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі