Су тіршілік көзі

«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі К-28 каналының ПК-181 соңғы су жіберу қашыртқысы бетонмен қапталады. Жетісай өндірістік бөлімшесіне қарасты К-28 каналы Ш.Ділдәбеков ауылдық округі бойынша 10400 га жерді суландырып тұр. Каналдың жалпы ұзындығы 18,1 км. Бүгінгі таңда каналға геомембрана төселіп, арматурасы түзілуде. Алдағы күндері 20 мЗ бетон құйылады.

ҚР Су ресурстары жене ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Түлкібас ауданындағы Кен каналының құрылыс жұмысын көрді.

“Қазсушар” РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі Кен каналы механикалық тазартудан өткізіліп, топырақ бөлігі арнайы техникамен тапталған. Кезеңдік жұмыс бойынша қазіргі таңда 750 метр жері бетонмен қапталды. Кен каналының жалпы ұзындығы 10,9 км.

Суармалы жер көлемі 347 га. Құрлыс аумағына «Қазсушар» РМК бас директоры Бақытжан Кемелбеков және филиал директоры Қазыбек Бедебаевта келіп, құрлыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге құрлыстың уақытылы және сапалы болуын міндеттеді.

 

Вице-министрдің Түркістан облысындағы кезекті жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі бірқатар құрылыс нысандарының жұмысын пысықтап өтті.

“Қазсушар” РМК Түркістан филиалының директоры Казыбек Бедебаев филиал аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстарды рет-ретімен көрсетті.

Вице- министр Түлкібас ауданының суару жүйесінің бірінші кезектегі магистралды арналарын қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарымен және Ордабасы ауданындағы «Найман» каналының құрылысымен танысты.

Ордабасы ауданы бойынша 1100 га жерді суаруға қауқарлы каналдың құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Ұзындығы 39 шақырымды құрайды. Аудандағы Көктөбе, Қажымұқан, Қараспан, Батыр ата ауылдарының суармалы жерлерін ағын сумен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнге дейін 8 шақырым жеріне гемембрана арматурасымен бетон құйылды.

Ерболат Махсұтханұлы кезекті жұмыс сапарында Жетісай ауданындағы 210 дана тік дренаждық ұнғыманың, Шардара ауданына иригациялық дренаж құрылысы және Ислам Даму банкінің қаржылындыруы арқылы жүзеге асырылып жатқан «Түркістан облысы Шардара ауданының суды қашыртқылау желілері бар 302 бірлік тік дренаж ұңғымаларын қалпына келтіру» жұмыстарын көрді.

Вице-министр бұл сапарында Түркістан облысындағы маңызды стратегиялық су қоймалырының жағдайымен де таныс болды.

«ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІ ШАРДАРА АУДАНЫНДАҒЫ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН КАНАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУДЕ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірде егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығына бейім Шардара ауданында да ауқымды жұмыстар жалғасын табуда. Яғни облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысы негізінде «Тұран су» МКК қазіргі таңда Ақшеңгелді және Достық ауылдық округінде төрт бірдей маңызды нысан құрылыстарын жүзеге асыруда. Аталмыш ауылдарда Кеңестік кезеңде салынып әбден тозығы жетіп тұрған ирригациялық су жүйелері толықтай жаңартылып жатыр. Аталмыш жобаға тапсырыс беруші Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы болса тиісті жұмыстар нәтижесінде екі округ бойынша жалпы ұзындығы 48,2 шақырымды құрайтын бетон арықтар толығымен жаңадан орнатылады. Бұл Ақшеңгелді және Достық ауылдарында ағын судың өз денгейінде жетіспеушілігінен игерілмей жатқан 3616 гектар егістік жердің қайта айналымға қосылуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда су арналарындағы құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатса екі бірдей ауылдық округі бойынша жалпы ұзындығы 28 шақырымнан асатын каналдар жаңартылып талапқа сай лоток қалқаншалар орнатылып үлгерген. Ал тиісті жұмыстар «Тұран су» мекемесі тарапынан уақытылы әрі тиісті нормалар мен ережелелерге сәйкес атқарылып келеді. Бұл тұрғыда маңызды каналдың қайта жаңғыртылуы жергілікті шаруалар үшін үлкен қуаныш! Ең бастысы Ақшеңгелді және Достық ауылдық округіндегі ескі бетон каналдарды толық жаңалап қайта салу нәтижесінде мұндағы гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэфиценті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезеңде жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1 млрд текше метр су жіберілді.

Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымына дайындықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда. Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су жиналды. Осыған дейін Өзбекстанмен «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

«Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жөндеу және құрылыс жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Мысалы, Шардара ауданында 302 тік дренажды ұңғыма жөнделіп жатыр. Сондай – ақ, кәсіпорынның қарамағындағы 600 шақырымнан астам канал тазартылды», — деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ «ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналдыру міндетін жүктеген болатын. Осыған сәйкес ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Әбдікерімұлы Бектаев бастаған комитет мүшелері «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында

Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізді. Міне осы сапар барысында комитет мүшелері «Тұран су» ШЖҚ МКК жұмысымен арнайы танысты. Топ құрамында комитет хатшысы Булавкина Ольга Александровна және мүшелері Арубаев

Сәкен Қаланұлы, Әйткенов Ернұр Нұрмаханұлы, Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы, Кузиев Зәкіржан Пірмұхамедұлы, Өтеғұлов Арман Кәрімұлы бар. Сонымен бірге ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бекбауов Бағлан Әбдіәшімұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық мәслихат төрағасы Әбішев Нұралы Әлмаханұлы, Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлының қатысуымен өткен кездесуде «Тұран су» МКК басшысы Досхан Асылбекұлы Сенат комитетінің мүшелеріне мекеме жұмысын жан жақты таныстырып өтті. Ал өз кезегінде аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев бастаған Сенат депутаттары мекеменің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазсушар» РМК цифрландыру туралы

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте айтылған Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында кемінде 3500 шақырым суару арналарын жаңғыртуды және цифрландыруды тапсырды.

Суару желілерін цифрландырудың негізгі міндеттерінің бірі су есебінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы тапсырманы Халықтың суға әділ және тең қолжетімділігі, кешенді және ұтымды су пайдалану, су ресурстарын пайдалану жөніндегі ақпараттың жариялылығы мен қолжетімділігі сияқты елдің су заңнамасы қағидаттары негізінде іске асыру үшін су ресурстарын есепке алудың анық, ашық деректері қажет.

Қазақстан Республикасының Су ресурстарын тиімді пайдалану міндеттерін шешу халықты сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге, экономиканың суға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға тікелей байланысты.

Суды есепке алу деректері негізінде су ресурстарын Жедел жоспарлау және басқару міндеттері шешіледі, су беру қызметтерін жеткізуші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасы және басқа да бірқатар міндеттер реттеледі.

Пилоттық жобалар

«Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ австралиялық Rubicon компаниясымен бірлесіп суды есепке алу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру жүйесін және орталықтандырылған диспетчерлеу жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаларды іске асырды.

Осы жобалармен Жамбыл облысындағы Қапал каналында орнатылған суды есепке алудың қолданыстағы автоматтандырылған жүйелеріне мониторинг жүргізу және Түркістан облысының гидрометрлерімен Rubicon компаниясының мобильді қосымшасына деректерді қолмен енгізу үшін суды есепке алу процестерін автоматтандыру және орталықтандырылған диспетчерлеу жүйелерін енгізу көзделген.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы «АҚ пилоттық режимде» суармалы жерлерде су тұтынудың ғарыштық мониторингі және талдауы » жобасы іске асырылды, оның шеңберінде су тұтынушымен қағаз электрондық шарттан электрондық түрге көшумен сүйемелдеу және шарттар жасасу процестерін автоматтандыру жөніндегі жүйе көрсетілді. Сондай-ақ, ғарыштық суреттер негізінде Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде су тұтынуды талдау және геоақпараттық жүйелерді қолдану жүзеге асырылды.

«Rubicon «компаниясы» Hydrospace » диспетчерлеу жүйесін Жамбыл облысындағы Қапал каналында орнатылған суды автоматтандырылған есепке алу жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізді.

Жоспарланған жобалар

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылдың соңына қарай Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда облыстарында жалпы ұзындығы 3053 шақырым суару каналдарын автоматтандыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған халықаралық келісім негізінде іске асырылатын «ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең» жобасы шеңберінде Түркістан және Жамбыл облыстарында жалпы ұзындығы 447 шақырым суару арналарын автоматтандыру жоспарлануда.

Осылайша, Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жоғарыда аталған жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша кемінде 3500 километр каналды жаңғырту және цифрландыру қажеттілігі туралы Жолдауын орындау үшін 2025 жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 3500 километр болатын суару каналдарын жаңғыртумен цифрландыру жоспарлануда.