СЫНДАРЛЫ УАҚЫТТАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

2015 жыл өзге көптеген елдер тәрізді, Қазақстанға да қиындықтарын ала келді. Мұнай бағасының құлдырауы одан әрі жалғасты, әр баррельдің құны 40 доллардан төмен түсті. Осының салдарынан бюджетке экспорттық түсімдер күрт азайды. Ұлғайып келе жатқан геосаяси дағдарыс қауіпті тәуекелдерімен қолайсыздық тудырды. 2016 жылы Қазақстанда Президент және Парламент сайлаулары өтуі тиіс еді, алайда Елбасы бұларды бір мезгілде өткізу қисынсыз болады деп шешті. 2015 жылы индустриаландырудың екінші бесжылдығы басталғанын ескере отырып, экономикалық және саяси циклдарды үйлестіру талабы туындады.

Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, 2015 жылдың 14 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтерді. 16 ақпанда ҚХА-ның бастамасына «Нұр
Отан» партиясы қолдау білдірді. Конституциялық кеңес өзінің қаулысында Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш кедергі жоқ екенін растады.

Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, 2015 жылдың 14 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтерді. 16 ақпанда ҚХА-ның бастамасына «Нұр
Отан» партиясы қолдау білдірді. Конституциялық кеңес өзінің қаулысында Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш кедергі жоқ екенін растады. Көптеген азаматтар мен еңбек ұжымдары мерзімінен бұрын сайлау өткізу идеясын қолдап, тілектестік білдірді.

Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде партия атынан Президентке үміткер ретінде
қатысу ниеті жайлы хабарлады. 2015 жылдың 31 наурызында «Ұлт жоспары: бес институционалдық реформа» сайлауалды бағдарлама жарияланды.

Өзіне қолдау білдіргендердің қажетті дауысын жинаған президенттікке үміткерлердің қатарында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының хатшысы, жаһандануға қарсы қағидатты ұстанған Т. Сыздықов және
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, өз бағдарламасында қоршаған ортаны қорғауға баса көңіл бөлген А. Құсайынов болды.
2015 жылғы 26 сәуірде өткен Президент сайлауында Елабасы мен серіктестерін даусыз жеңіс күтіп тұрды: Н.Назарбаевқа дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 97,7 проценті қолдау білдірді. Ал өзге үміткерлер – А. Құсайынов 0,6 процент, Т. Сыздықов 1,6 процент дауыс жинады. Сайлауға келушілер саны өте жоғары болды – 95 процент.

Әлемнің көптеген елдерінің азаматтық қоғам дағдарысын бастан кешіп отырғанын білетін қазақстандықтар мұндай оқиғалардың өз отанында да болғанын қаламады, сол себепті де сайлауға жұмыла қатысып, өздерінің конституциялық ұстанымын білдірді. Қазақстанның болашақ тағдыры сынға
түскен сайлау қоғамдық келісімнің көрінісін паш етті.

Өткен сайлауға көптеген халықаралық бақылаушылар жоғары баға берді, олардың арасында тәуелсіз сарапшылар да, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастығы ұйымының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының өкілдері болды.