Табиғатты қорғау барлығымызға міндет
Көктем айларында табиғат қорғау қызметкерлерінің жұмыстары қаурыт болады. Түркістан Облысы, Келес Ауданы, Табиғат қорғау инспекторы Сапарбаев Жанболат экология саласында жемісті еңбек етіп жүр. Көктемнің Сәуір айынан бастап мамыр айының 20 на дейін балық аулауға тыйым салынады. Себебі; бұл уақытта балықтар уылдырық тастайды. Осы уақытты күтіп жүрген балық аулап сатушылар (броконерлер) заманауи қайық және балық өлтіретін қарулар (ток) алып балық аулайды. Осындай жағдайда табиғат қорғау мамандары екі есе көп жұмыс жасап балықтардың дұрыс уылдырық тастауына жағдай жасау керек, олай жасамаса түрлері жоғалып жатқан балықтардың Сырдарияда да жоқ болу қауіпі төніп тұр. Табиғат қорғау саласында абыройлы қызмет етіп жүрген Сапарбаев Жанболатқа болашақта сәттілік, еліне аянбай қызмет етуін тілейміз!