ТАБИҒИ АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев 2021 жылы табиғи апаттардың алдын алу және болдырмау, басқа да ТЖ алдын алу бойынша жұмыс жоспарларын баяндады.
2020 жылы Шымкент қаласы аумағында төтенше жағдай оқиғалары (2784 оқиға) 19,4%-ға төмендеді.
Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, су тасқыны қаупінің алдын алу, қауіпсіздікті күшейту жұмыстары ерекше бақылауда. Қала аумағында ирригация жүйелері бойынша күз-көктем айларында мәселелер туындайтын. Соңғы 3-4 жылдың ішінде қала әкімдігі тарапынан жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар кешені бойынша 4 іс-шара қаралып, бәрі де өз мерзімдерінде 100%-ға орындалған. 14,2 шақырым жаңа ирригациялық лотоктар орнатылып, ұзындығы 289,1 шақырым өзендер мен каналдардың арналарын механикалық және қолмен тазарту жүргізілді.
Департамент су қоймаларындағы және өзендердегі жағдайдың тұрақты мониторингін, қауіпті учаскелерде комиссиялық зерделеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Жалпы қала бойынша су қоймаларының орташа толуы 10-30%-ға дейін.
Сонымен қатар, «2021-2023 жылдарға су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасы» бойынша Шымкент қаласында жалпы 10 іс-шара жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 3 су қоймаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Еңбекші, Абай аудан әкімдіктері «Бадам» өзенінде қауіпті учаскелерді зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Департамент басшысы су тасқынының алдын алу және оларды жедел жою бойынша қала әкіміне бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі