ТАНЫМАЛ БЛОГЕР КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТТЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

Нұр-Cұлтанда түнгі сағат 01.30-да Мәңгілік Ел мен Ұлы Дала көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары Ерболат Жанәбіловтың көлігін тоқтатты. Онымен бірге көлікте тағы екі жолаушы болған. Нұр-Сұлтан қалалық комендатурасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тексеру жұмыстары барысында тәртіп бұзушының 26 жастағы блогер екені анықталды. Ол достарымен кездесіп, үйіне қайтып бара жатқанын айтты, — деп хабарлайды Экспресс К.

«Коменданттық сағатты бұзғаны үшін азаматтар Есіл аудандық полици бөліміне жеткізілді. Олар ӘҚБтК-нің 476-бабының 10-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен тәртіп бұзушыларға 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды» деп көрсетілген хабарламада.

Елордалық ПД қалада коменданттық сағат режимі жалғасып жатқанын, аталған уақытта адамдарға жаяу болмаса көлікпен жүруге болмайтынын ескертеді.

Үйде болыңыздар, мүмкін болса қаладан тыс шықпаңыздар. Балаларыңыздың қайда жүргенін бақылауда ұстаңыздар. Мұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін және қаладағы тәртіптің сақталуы үшін жасалып жатыр, — деп мәлімдеді полиция.