Таразда туризмді дамыту бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды
2018 жылдың 7-ші сәуірінде Жамбыл облысы аумағында орналасқан «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің қарамағындағы «Ақыртас» сарай кешенінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдаудың іске асыру аясындағы туризмді дамыту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясының мақсаты – еліміздегі тарихи, мәдени ескерткіштерді археологиялық ғылыми зертеу, туризмді дамыту бойынша іс-шаралардың кешені жөнінде БАҚ пен қоғамды ақпараттандыру.
Баспасөз конференциясының қорытындысы бойынша ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар «Ақыртас» кешенінің Сапар орталығына «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің жылжымалы «рухани жаңғыруға 1 жыл» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Жамбыл облысы аумағындағы тарихи орындарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер қойылды.