ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ БОЛАШАҒЫ — БІЛІМДІ ҰРПАҚ

«Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім»
,-деп Жұбан ақын жырлағандай, біз мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымыз, сондықтан мен қазақ болып туғанымды мақтан етемін.

Әр адам өз елінің патриоты деп санаймын. Кез-келген патриот жанның ойында «Мен өз елім үшін не істей аламын?» деген сұрақ тұрады. Оқушы ретінде алдымен басты мақсат- үлгілі, озат оқушы болу. Өз мектебіңнің беделді оқушысы атанып, әрдайым жақсы жетістіктерге қол жеткізу. Білімді ұрпақ-ұлт болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақ жастардың қолында» деген болатын.

Біз еліміздің алдыңғы дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауымыз қажет. «Отан үшін отқа түс, күймейсің,Елің үшін суға түс, батпайсың»- дегендей өз елің үшін қандай қиындыққа да төтеп беруге болады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!»-деген болатын. Сондықтан Қазақстанды өз Отаным деп таныған әрбір азаматтың осының жүзеге асуына өз мүмкіндігінше өз үлесін қосуы керек. Қазақстанның болашағы-біздің қолымызда екенін ұмытпайық, жас достар!

Диана АСАН