ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ МҰРАСЫ: ЦИРК МЕКЕМЕСІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АТҚА МІНУ САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

Атқа міну қазақ тұрмысының сәні де мәні де болған. Жылқыға дұрыс міну өзінше бір жеке өнер. Бұрынғы бабаларымыздың өмірі ат үстінде өтсе, қазір жылқының жанына көп жақындай бермейміз. Сондықтан да болар, көп балалар атқа қай жағынан мінуді, жылқы үстінде дұрыс отыруды біле бермейді.

Ол оқылықтың орнын толтыру үшін,Шымкент цирк шабандоздары К.Қасымұлы атындағы №33 мектептің 10-11 сынып оқушыларына атқа дұрыс мініп-түсуді, үстінде жеңіл трюктер орындаудан шеберлік сағатын өткізді. ?

Жылқы адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін саралай алады. Иесі өзіне ұнаса оған шын беріледі. Ол алғаш атқа отырған адамды да сезеді. Оған ыңғай білдіріп, өзі де үйреніседі. Бүгін шабандоздардың шеберлік сағатында оқушылар алғаш рет атқа мініп көрді. Олар жылқыға лезде-ақ үйренісіп кетті. Бүгін бірінші рет келген балалар уақытта жиі келіп, жылқылармен серуендеп, жаттығатынын айтты.

Халқымыз адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты ер адамды «жылқы мінезді жігіт» деп дәріптеген. Елімізде дәл сондай жылқы мінезді жігіттеріміз көп болсын!

Жалпы, Шымкент цирк мектеп оқушыларымен тығыз байланыста. Біздің басты көрермендеріміз де солар. Одан өзге, цирк ипподромна жас жеткіншектер жиі келіп жаттығады. Әртістер балалар мен жасөспірімдерге арнап жиі тегін шеберлік сағатын өткізеді.

Шымкент цирк оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Circus start» үйірмесін іске қосты. Онда жасөспірімдер Цирк өнерін меңгере отырып, өздігінен еңбек етуге, көрермен алдында қысылмай өнер көрсетуге дағдыланады.