ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫ: ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 99 ЖЫЛ

Биыл Қаһарман қазақ қызы — Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 99 жыл толды.⠀Назарларыңызға Сұрапыл майданда ерлікпен қаза тапқан батырдың өмірінен қызықты деректерді ұсынамыз.⠀​​

1922 жылы Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген

Ата-анасының азан шақырып қойған есімі – Мәнсия.Анасы бала күнінде еркелетіп «Моншағым» деп, кейін Мәнсияның атын айтуға тілі келмей өзін «Мәншүк» деп кетеді.

Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә.Мәметованың тәрбиесінде өткізеді.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрген.

1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар.

Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М.Бегалин) көркем фильм түсірілді.

1943 жылы қазанның 16-ы күні майданда қаза тапты.