ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТАТУЛЫҚ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ТІРЛІГІ
Ел тарихындағы қоғамдық қарым-қатынастың тұрақты мемлекеттің қалыптасуына және салты мен дәстүрінің сақталуына үлкен ықпал еткендігін ерекше атап өткен жөн. Медиацияны екі арадағы қарым-қатынасты реттеу шарасы ретінде қарастыруды қазақ даласында, еларалық, мемлекетаралық және руаралық қарым-қатынастарда үлкен рөл атқарғандығын тілге тиек ету керек. Мәселен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері өңірлерге шығып, көптеген түйткілді мәселелерді шешуге өзіндік үлесін қосып, медиатор болған кездері де аз емес.
Қазіргі таңда әртүрлі қауіптердің белең ала бастауынан көп-теген елдердің этносаралық татулықтың маңызын түсіне бастағандығы сезіледі. Сондықтан медиация Қазақстан үшін ғана емес, әлем үшін де маңызды болып табылады. Осы ретте Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 2011 жылдың қаңтарында қабылданғанын айта кету керек.Этносаралық дауларды ешқашан саяси мәселеге айналдыруға болмайды. ҚХА бүгінгі таңда азаматтық қоғам мен билік арасын байланыстырушы медиаторға айналып отыр. Ал, еліміз Қазақстан кез келген шиеленісті шешу алаңына айналуда.
Сондықтан медиация институтының барлық жерде қажеттілікке айнала алатындығы айқын аңғарылады.
Медиация дау-жанжалдарды өркениетті жолмен шешуге ықпал жасайды. Қоғамдық қатынастар саласында кәсіби медиаторларды дайындау уақыт талабына айналған. Осы орайда 2011 жылы «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғандығын ерекше атап кеткен дұрыс. Сол жылдан бері орталықтың реестрінде тізілімде тұратын кәсіби және халықаралық медиаторлардың атқарған жұмыстары аз емес. Олар медиацияны пай¬даланудың техникалары мен тетіктерін жан-жақты меңгерген өз ісінің шеберлері десек артық айтқандық емес.
Биылғы жылдың өзінде Шымкент қаласында бойнша сотқа дейін, сот барысында және соттан кейінгі отбасылық мәселелер, еңбек және жер дауы, мұрагерлік пен мүлік бөлісу, қарыз ақша мен кәсіпкерлік келісім шарттарды медиативтік келісіммен жасау, сондай-ақ қылмыстық істер, жалпы саны 2000-нан астам дау кәсіби медиаторлардың араласуымен келісімге келген. Біле білгенге бұл аз жұмыс емес.