ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТӘУЕКЕЛШІЛ ЖАСТАРЫ
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы “Жастар ресурстық орталығы» және «Парасат» колледжінің оқытушысы Жайна Алибаеваның ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге «Отбасы банкі» АҚ-ның жауапты менеджері Бақытжан Айткулов келіп, колледждің бітіруші топтарымен «Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақ-жауап алмасты.
Студенттерге банкте депозитті қалай ашуға болатынын, оның қандай пайыздық артықшылықтары бар және болашақта үйлі болудағы бағдарламалар жайлы ақпараттар айтылды.
Тәуелсіз елдің тұғырын нықтап, туын биіктететін жастарымыздың қаржылай сауатты болуы үшін осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілекпен тарқасты.