ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТІРЛІГІ: КІТАП ЖАЙЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Жақсы кітап — жан азығы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

Іс — шараның мақсаты:
Кітап оқу арқылы адам өзін қоршаған ортаны, дүниені және өзін таниды. Жаттау жадысы, ойлау қабілеті дамиды. Көп оқыған адам жады мықты болып, тез ойлап, тез қорыта алады. «Бүгінгі оқырман ертеңгі көшбасшы» деген ілгерідегілердің сөзі растығына көз жетті.

Аталмыш шара барысында «Орталықтандырылған көпшілік кітапхана жүйесіне қарасты нөмері 7 кітапхана бөлімшесінің» кітапханашысы Ажар Айтбаева ханым психологиялық, тұлғалық, шет ел әдебиеттерінен кітаптар ұсынды.