ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТІРЛІГІ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Қала әкімінің онлайн қабылдауында Абай ауданы Құрсай шағынауданының тұрғындары мәселелерін жеткізген болатын. Балнұр Сапарова Әулие-Көл көшесіне шағал тас төсеу және автобус бағытын ұзартуды өтінген-ді.

М.Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысына тұрғындар өтінішін заң аясында жедел шешуді тапсырған болатын. Нәтижесінде, елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізіліп, 10 күн ішінде мәселелері шешімін тапты.

№ 56 автобус бағыты «Жібек жолы базары» аялдамасына дейін ұзартылды. Қазір кешенді схема бойынша №21, №56 және № 96 бағыттары қала орталықтарына, базар аумақтарына дейін жеткізуде.
Сонымен қатар, шағынауданда жалпы ұзындығы 1,7 шақырым Әулие-Көл көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Ауа-райына байланысты бұл мәселе әлеуметтік желіде де талқыланды. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі