ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ ТӘУЕКЕЛШІЛ

Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік есігін айқара ашты. Еліміздің арыстары талай жылдар тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Мұның бәрі ел азаматтарының ұлт үшін жасаған ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Еліміздің көк байрағы желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа қол созды. Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы дамыған, көп елдерге танымал ел. Қайсар төзім мен келешекке деген пәк сезімнің арқасында бүгінде біздің төбемізде қыран құс қанатын кеңге жайып, бақытты күннің шұғыласына бөлеуде.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды «Мәңгілік ел» деп атады. Бұл Қазақ­станның экономикасы өрлеп, дамыған ел қатары­на қосылатындығын дәлелдейді. Тіпті, Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгерту керектігі туралы пікірге келуі — еліміздің тәуелсіз, еркін ел екендігінің нышаны.

Мәңгілік елдің тірегі жастар екенін Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін! – деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Иә, бүгін біз еркінбіз. Еркін елдің болашақ тірегіміз. Аяулы ата-бабаларымыз қол жеткізген Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы біз үшін бақыт, әрбір мерекесі – ұмытылмас ұлы күн.

Ел ертеңі, ұлт болашағы біз – бүгінгі күннің жастары. Сондықтан, елімнің патриоты ретінде Қа­зақстанның жарқын болашағы мен ата-бабаларымыз аманат еткен елдің дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, аз да болса үлесімді қосуға тыры­самын, еліміздің болашағы жарқын болатындығына сенемін.