ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚҚА БІР ТЕЛІМ ЖЕР ҚЫМБАТ

Тәуелсіздіктің отыз жылдығы. Айтқан ауызға жеңіл болғанмен, жүріп өткен жолымыз едәуір ұзақ. Елдігімізді нығайту жолын­да талай іс тындырылды. Соның бірі – жұртымыздың іргесін нықтап, бекітіп алу еді. Елбасымыз мем­ле­кет­тік шекараны делимитациялау, демаркациялау бойынша көрші елдердің барлығымен бірнеше жыл бойы байыпты келіссөздер жүргізді. Бұл жолы да ол жер тағ­дыры сынға түскен сәтте ал­па­уыт елдермен тереземізді тең ұстап, мемлекетіміздің мүд­де­­сін қатаң сақтап, Алтай мен Аты­рау арасындағы ұлан-ғайыр аума­ғы­мыз­дың шекарасын шегендеп, өзінің жан-жақты жетілген, бі­лімі терең, дана саясаткер еке­нін тағы да бір рет байқатты.

Халқымыз үшін қасиетті ұғым саналатын, талай ұрпақ қанын төгіп қорғаған туған жеріміздің бір телімі де жат қолында кеткен жоқ. Соның нәтижесінде қазір Қазақстан – ешбір елмен жер дауы жоқ, аума­ғы халықаралық құжаттар не­гізінде біржолата бекітілген мем­лекет болып саналады.

Осының бәрі Кеңес Одағы ыдыраған кезден басталған терең экономикалық дағдарысты ең­се­ріп, ұлттық қаржы, салық, банк жүйесін құрып, азамат­та­ры­мыздың әл-ауқатын арттыру жолындағы тынымсыз жұ­мыс жағдайында жүріп жатты. «Алдымен – экономика, содан соң – саясат» қағидатының ая­сын­­да іске асырылған рефор­ма­­лардың арқасында елі­міз серпінді даму үстіндегі, нарықтық қатынастары толық қалыптасқан рес­пуб­ликаға айналды. Елбасымыздың Жарлығымен Ұлттық қор, даму институттары құ­рылды. Сырттан инвес­ти­ция тар­тудың, инвестициялық тар­­тым­­ды­лық­ты арттырудың құ­қықт­ық негіздері жасалды. Қа­зақс­тандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, та­уарлар мен жұмыстарды, көр­се­­тілетін қызметтерді өткізу н­а­­­рығын кеңейту үшін интег­ра­­­­циялық жобаларға бастама жа­саған Елбасымыз 2014 жылы құрылған Еуразиялық эко­но­микалық одақтың басты авто­ры болды. Әлемдік дағ­да­рыс­тар тізбегі басылмай тұр­ған кезде жеке елден гөрі ірі мем­ле­кет­аралық құрылымның аз зиян ше­ге­тіні белгілі. Оны бүгінгі күннің шындығы дәлелдеп отыр.

Отаным десем ойыма сайын сарыарқа белдер, айдынды шалқар көлдер келеді. Және Елбасымыздың осы егемендікті бекіту, тәіуелсіздікті нығайту жолындағы ерліктері тарих беттеріне қатталды. Болашақ лайықты бағасын берер.