ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Әлеуметтік қаматамасыз ету дегенде тұтыну рыногын толтыру, азық-түлік молшылығын жасау, экономиканы тұрақтандыру мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, әлеуметтік шиеленісті төмендету міндетін шешетінін айтсақ та жеткілікті. Мұның өзі бір-бірімен байланысты екі жолмен жүзеге асырылды: біріншісі — тауарды өндіру мен қызметтерді ұсынуды кеңейту, екіншісі — табысты ағымдағы тұтынудан алып шығу үшін оның өсуін тоқтатпау.

Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау мемлекеттің өтпелі кезеңдегі стратегиясының бел ортасында болды:

— ең алдымен еңбекке қабілетсіз және дәулеті аз жіктерді — зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалаы отбасыларды, оқушы жастарды мемлекеттік қолдау жүйесі құрылды; ғылымға, мәдениетке, білімберуге және денсаулық сақтауға мемлекеттік қолдау көрсетілуде; жұмыссыздық жөніндегі әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етті.

Жалпы алғанда әлеуметтік өзгерістер үш сатыда өтеді: қоғамның әлеуметтік жікке бөлінуі; жаңа әлеуметтік құрылымдардың нарық жағдайына бейімделуі; олардың өзара қосылуы және ұтымды өзара іс-әрекеттері. ГФР-дің соғыстан кейінгі қайта түлеу тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстарн үкіметі қоғамның табыс деңгейі бойынша жікке бөліну процесіне қарамастан, бұл айырмашылықы парасатты ең аз мөлшерге жеткізуге тырысып келеді.

Әлеуметтік жіктің аражігін жабамыз, елді алдыға сүйрейміз деп тырысқанымен, артқа тартатын факторлар да бар екенін айтпай кетуге болмас: психологиялық масылдықтың сақталуы, халық пен әлеуметтік даму ресурстары таралуының аймақтар бойынша күрт біркелкі болмауы, өндірістік аппараттың артта қалуы сияқты факторларды айтсақ болады.