ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ЖОЛЫ

Тәуелсіздік біздің үмітімізді үкілеп, барлық салада жеңімпаз атануға үйретті. Қазақстан жолы жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін шынайы үлгіге айналды. Біздің басты формуламыз – бейбітшілік пен келісім, бірлік пен тұрақтылық. Көптеген елдер ішкі қақтығыстар мен берекесіздікке бой ұрып жатқанда, біз біртұтас қоғам құрдық. Мемлекеттік тілдің дамуы біздің басты жетістіктеріміздің біріне айналды.

Бүгінде ел азаматтарының үштен екісі мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Оның маңызы мен рөлін арттыру Қазақстандағы өзге этностардың тілдеріне залалын тигізбей жүзеге асырылуы айрықша мәнге ие. Сондықтан, мемлекет этностық бұқаралық ақпарат құралдары мен театрларға белсенді қолдау көрсетіп, этномәдени бірлестіктерді қаржыландырып келеді. Біз ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды құнттап, сақтау үшін ТМД аумағында баламасы жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырдық. Бағдарлама аясында ұлттық тарихымыздың мыңдаған құнды жәдігерлерін тауып, қалпына келтірдік.

Әлемдегі ең үлкен 5 театрдың бірі атанған «Astana Opera» театры жаңа қазақстандық мәдениеттің жүрегіне айналды. Біз әлемдегі ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша әлеуметтік инфрақұрылымды жасадық. Тек соңғы 15 жылдың өзінде 1000 аурухана, 1100 мектеп пен 4000 балабақшасалынды. 35 мың спорт аренасытабысты жұмыс істеп тұр. Назарбаев университет инновациялардың таңдаулы орталығына айналды, бар-лық аймақтарда дарынды балаларға арналған 20 зияткерлік мектеп ашылды. Денсаулық сақтау саласының дамуы нәтижесінде азаматтарымыздың орташа өмір ұзақтығы 70 жасқа жетті.