ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Қоғамдық өмірдің шешуші саласы — экономика саласындағы стратегия мен тактика құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру саясатын ұстандық.

Тіпті тұрақты экономиканың өзі үшін ауыр болатын бұл проблемаларды,  Қазақстанның бүгінгі таңда ТМДның басқа мемлекеттерімен бірге саяси шаруашылық және жүйелік себептер, яғни, бұрынғы одақтың тұйыққа тірелген әміршіл экономикасы әрі басшылықтың субьективті қателіктері туғызған күрделі экономикалық дағдарысты басынан өткізгені мәлім. «Жедел даму стратегиясы» бүкіл қоғамның Қазақстанды өзінің Отаны деп есептейтін және өтпелі кезеңнің ауыртпалығы мен болашақ әл-ауқатының қуанышын онымен бірге бөлісе алатын әркімнің «экономикалық санагерлігіне» айналды.

Нарықтық экономика арнасымен, мінсіз «кестемен» жүре отырып, мынадай кезеңдерден өтті:

Бірінші кезең, 1992-1995 жылдар, макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталды, меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу және оны жекешелендіру мен тұтыну рыногын тауарлармен толтыру. Мұнымен қатар, шетел инвестицияларын қатыстыру мен пайдалану, таңдап алынған стратегия мен басым бағыттарды пайдалана отырып, импорттық технологияларды әкелу мен игеру бағдарламасын жасады.

Екінші кезең, 1996-2005 жылдар, экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жойып, көлік жүйесі мен телекоммуникация жедел дамыды. Валюта нарығын, капитал, жұмысшы күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығы құрылды.

Үшінші кезең, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюымен сипатталды.