«ТӘУЕЛСІЗДІК — АЗАТТЫҒЫМ, БАҚ КҮНІМ»

Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №2,7 кітапхана бөлімшелерімен Ю.А.Гагарин атындағы №34 жалпы орта мектебімен бірлесіп «Тәуелсіздік — азаттығым, бақ күнім» атты тарихи кеш өткізілді. Іс-шара тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды. Жиынның басты қонағы ретінде тарихшы, шежіреші, ҚР мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі», «Желтоқсан қаһарманы» төсбелгілердің иегері Момбек Әбдіәкімұлы шақырылып, жастармен кездесті.

Момбек Әбдәкімұлы, жазушы, шежіреші, публицист. Әлем Халықтары Жазушылары Одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Әлем Халықтары Жазушылары Одағының ОҚО бас өкілі.

Қаламгер 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы , Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында туылған. Көкшетау университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген. Жазушы, шежірешінің еңбектері: «Ойсыл шежіресі» , «Сіргелі Қарабатыр шежіресі», «Сіргелі Шалдар — Бәйжігіт шежіресі», «Жаныс шежіресі», «Жаныс Оймауыт шежіресі», «Шымыр шежіресі», «Төлеңгіттер шежіресі» , «Зобалаң», «Сүлеймен қарақшы»,»Қараман қарақшы», «Естемес би», «Ақпан батыр», «Разборщиктің жан сыры»,

 «Құбыжықтар мен алысқан адам», «Самұрық — қазақ мафиясының көсемі», «Қазақстандық наркобароннның ақыры», «О дүниеден оралғандар», «Дүрбелең», «Саңлақ» сияқты кітаптар мен хикаяттардың авторы, сондай-ақ Қаңлы, Дулат , Шанышқылы, Жалайыр, Арғын, Қоңырат, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Найман, Сіргелі, Кіші жүз тайпаларының шығу тегіне және де Оңтүстік қазақтарының өткен ғасырдағы тарихына қатысты көптеген сүбелі зерттеу мақалалар жазған.

Жиын барысында оқушылар жазушыға шығармашылық, тарих тұрғысында сауалдар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алынды. Кітапханашылар мұндай мәнді басқосулар жыл соңына дейін жалғасын табады деп қорытындылады.