«ТӘУЕЛСІЗДІК — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-басты құндылық» байқауының баспасөз брифингі өтті.Байқаудың брифингіне жоба кординаторы САБИРА БАЙЗАХОВА, Әділ-қазы, сала маманы, журналист, Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі ЗАУРЕ ОРАЛБАЕВА, Әділ-қазы, сала маманы, «Jaidarman Production» студиясының видеооператоры, видеомонтажері және бірнеше бейнефильмдердің директоры мен әкімгері МҰХИТ ҚАРСАҚБАЕВ, Әділ-қазы, сала маманы, актриса, блогер-вайнер АҚЕРКЕ АРЫС қатысты.

«Тәуелсіздік-басты құндылық» байқауының мақсаты:
-жастар арасында патриоттық сезімді көтеру;
-жастар мен жастар ұйымдары, жұмысына идеологиялық серпін беру;
-вайнерлер мен блогерлерді мемлекеттік саясатты өз тілдерінде халыққа түсінікті етіп жеткізуге ықпал ету;
-жастарды сауатты медиамәдениетке үйрету;
-ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойын атап өту.

Тәуелсіздік-басты құндылық» байқауы 3 бағыттағы номинациялар бойынша өтеді:
«ҮЗДІК ВАЙН» номинациясы: Бас жүлде,1-орын,2-орын, 3-орын.
«ҮЗДІК ПОСТ» номинациясы: Бас жүлде,1-орын,2-орын, 3-орын.
«ҮЗДІК РОЛИК» номинациясы: Бас жүлде,1-орын,2-орын, 3-орын.

2021 жылдың 23-қараша мен 8-желтоқсан аралығында жұмыстар мен өтінімдерді жинау мақсатында ###Тәуелсіздікке30жыл… хэштегін пайдалана отырып 100 000 оқырманнан кем болмайтын әлеуметтік желілерде (Facebook Instagramm Tiktok Youtube) арқылы байқау қатысушылары өз жұмыстарын жарнамалап, сілтемесін астында көрсетілген нөмірге жіберуі керек.

Тел: 8-702-509-00-43 Сабира Байзахова

2021 жылдың 9- желтоқсаны комиссия отырысы өтеді.
2021 жылдың 10-желтоқсанында жеңімпаздарды марапаттау.

«Тәуелсіздік-басты құндылық» байқаудың жүлде қоры
БАС ЖҮЛДЕ Теледидар
І-орын Ноутбук,
ІІ-орын Ұялы телефон,
ІІІ-орын Power Bank

Байқауға қатысып бақтарыңызды сынап көріңіздер!