ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ-ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Абай ауданы әкімдігінің бастамасымен «Әділетті қоғам-тиімді мемлекет» тақырыбындағы кездесу өтті. Шараны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұсынысы бойынша «Шығармашылық жастар» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Кездесуге жоба кординаторы «Шаңырақ» ҚБ басшысы Сабира Байзахова заң ғылымдарының докторы Ермек Бекбосынов сонымен қатар, «Мейірім» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Абай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағалары мен зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, ауданның белсенді азаматтары қатысты.

Әділетті мемлекет орнату – адамзат баласының ерте дәуірден бергі басты арманы. Спикерлер бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің мән-жайына кеңірек тоқталып, пікір алмасты.

-Кез келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Қорыта айтсақ, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Тәу етер тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтайық, — деді «Шаңырақ» ҚБ басшысы Сабира Байзахова.

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ РЕСМИ ПАРАҚШАСЫНАН»