ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: МУЗЕЙ ТӨРІНДЕ БЕЙБІТ ЕЛДЕР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Беларусия елінің Қорғаныс министрлігіне қарасты ішкі әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Николай Николаевич Карпенко және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының орынбасары Маткаримов Альберт Полатович қонақта болып, музей экспозициясын тамашалап, музей қызметкерлеріне алығысын айтып, Пікір кітабына естелік тілектерін қалдырды.
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 16 қыркүйегінен бастау алады. Екі ел арасындағы байланыс сол уақыттан бері тұрақты жалғасып келеді. Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Беларусь арасында қарым–қатынас өрбіп келеді.