ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: ШЫМКЕНТТЕ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 93 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Шымкентте 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылған, 33 елді мекен жартылай, ал 8-інде газ жүйесі тартылмаған. Биыл тұрғындарды көгілдір отынмен қамту үшін 1 газ тарату станциясы мен 4 магистралды және 13 елді мекеннің ішкі орамдық жүйесінің құрылысы жүруде.

Жыл соңына дейін автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3), Қайнарбұлақ және Азат ш/а магистралды құбыр тартылып, 5 елді мекенде ішкі жүйенің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде Алтынтөбе, Бадам 195 орам, Достық (2-кезек), Асар-2, Азат шағын ауданында 11 мыңнан астам адам табиғи газге қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 92,2%-дан, 93%-ға өседі.Ақтас магистралды құбыры мен Батыс, Ақтас, Ақжар, Арғымақ, Ақтас-2, Сәуле, Нұртас, Көкбұлақ және Тассай шағынаудандарының құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Шымкентте 2022-2025 жылдарға қала тұрғындарын инфрақұрылыммен қамту жоспарына сәйкес, барлық елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы газ мәселесі толығымен шешіліп, қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі