ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ ӨСУДЕ

Шымкент қаласы Абай ауданында 34 елдімекеннің 24-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 71% құрап отыр. 10 елдімекеннің 5-і ұңғыма суын пайдаланады (Жаңаталап, Игілік, Тәуелсіздікке – 20 жыл, Көкбұлақ, Қызылжар). Өткен жылы сапалы ауыз сумен қамту үшін қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл жөнінде Абай ауданы әкімі Б. Парманов, М. Әйтеновтің қатысуымен өткен 9 айдың есебі жиынында баяндап өтті.

Қалған 5 елдімекен (Ынтымақ-2, Ынтымақ-2 Батыс, Нұршуақ, Агрофирма Қарасу, Жаңаталап жаңақұрылыс) аптасына 2 рет әр үйге 400 литрден су тасымалдануда. Ынтымақ-2, Ынтымақ-2 Батыс, Нұршуақ шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүріп, бүгінде 98 пайызы аяқталды.

Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде Жаңаталап, Игілік, Тәуелсіздікке – 20 жыл, Көкбұлақ, Қызылжар, Ынтымақ-2, Ынтымақ-2 Батыс, Нұршуақ шағын аудандары сапалы ауыз сумен толық қамтылатын болады.

Ақтас-2 тұрғын алабының ауыз су жүйелеріндегі құрылыс жұмыстарын мердігер «Құрылыс Т и К» жүргізуде. Құрылыстың 98 пайызы аяқталған. Жыл соңына дейін толығымен тұрғындар игілігіне беріледі.

Құрсай және Арғымақ шағын аудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қаржы қаралып, мердігер «Реголит» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 2022 жылға өтпелі.

Нәтижесінде жыл соңында ауданның ауыз сумен қамту көрсеткіші 93 пайызды құрайтын болады.