ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: СПОРТТЫҚ АЛАҢША АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай, Шымкенттегі №74 жалпы орта білім беретін мектебіндеспорттық алаңша ашылды.

Спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне мектеп директоры Нүрипа Әуелқызы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Төлеміс Елібек Худиярұлы, «Көркем әжелер» тобының мүшесі Анипа Искакова және ата-аналар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңадан ашылған спорт алаңшасында енді балалардың алаңсыз спортпен шұғылдануына мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек мектепте бірнеше спорт үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме жетекшілерінің айтуынша, жаңадан ашылған спорт нысаны арқылы волейбол мен кіші футболды дамытуға болады. Мұның барлығы да балалардың болашағы үшін жасалып отырған игі іс. Білім нәрімен сусындаған, дені сау ұрпақ ертеңгі ел жүгін көтерер азамат болары хақ.