ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: ҰЛТТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІНЕ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Шымкентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Тұңғыш Президент күні қарсаңында арасында «МӘҢГІЛІК ЕЛ, МӘҢГІЛІК МҰРА» тақырыбында іріктеу турнир басталды. Елбасы Академиясы мен республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Ұлттық дебат турниріне әдістемелік орталық және Оңтүстік Қазақстан Университеті жанындағы «АҚИҚАТ» пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен өткен іріктеу турнирі жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын қамтиды. Оған үш лига бойынша әр ауданнан 16, барлығы 48 команда қатысып бақтарын сынады. Әр ауданның сенімін арқалаған үміткерлердің сайысы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтайды.

«Шымкент келбеті» ресми парақшасынан.