ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ: ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ
1996-1998 жылдары жүргізілген жекешелендірудің үшінші кезеңі экономиканың стратегиялық салаларындағы электр энергетикасы мен мұнай-газ салаларын, сондай-ақ әлеуметтік саланы – денсаулық сақтау, білім беру, ғылым мен мәдениет салаларын – қоса алғандағы секторлық бағдарламаларға көшудің кезеңі болды. Дәл
осы кезеңде ірі өнеркәсіп орындарын сатып алуға қабілетті отандық толыққанды инвесторлар қалыптаса бастады.
1995 жылғы желтоқсанның аяғында Елбасы заңдық күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлыққа қол қойды, ал 1996 жылдың ақпанында Үкімет қаулысымен «1996-1998 жылдарға арналған жекешелендірудің екінші кезеңінің бағдарламасы» іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты жекешелендірудің негізгі үрдістерін тезірек аяқтап, енді ақшалай яғни ақылы негізде жекешелендірудің көмегімен, меншік иелерінің тобын қалыптастыру болды. Бұл кезеңде жекешелендіру үрдісінің басым белгілері жекешелендірілетін нысандарды жаңа меншік иелеріне ақылы етіп беру болып саналды.
Үш жылдың ішінде жекелеген жобалар бойынша жекешелендірумен жалғасып, шағын жекешелендіру шеңберінде бұрын сатылмаған, ішінара жекешелендірілген сауда жєне әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық қызмет көрсету нысандарының, кәсіпорындардың мемлекеттік пакеттері өткерілді.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі бағдарламасының тараулары Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызды салалардағы, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, ғылым мен мәдениет салаларындағы жекешелендірудің секторлық бағдарламасы болды.