ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ: ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАРИХЫ ЖАЙЛЫ ҚҰНДЫ ЕҢБЕК ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жазушы, шежіреші, тарихшы, профессор Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласы тарихы» атты кітабын жастарға таныстыру мақсатында кездесу өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында, халқының саны миллионға жетіп, республика көлемінде айрықша мәртебесі бар үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласының терең тарихы жайлы еңбек жастар үшін де құнды еңбек екені даусыз.
Кездесуге жазушы, шежіреші, профессор, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері — Момбек Әбдіәкімұлы, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары қатысты.
Кездесу барысында шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласы тарихы» атты кітабының тұсауы кесілді. Шырайлы қаламыздың тарихынан сыр шертетін кітап жайында көрермен жастармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздеріне қажетті құнды мағлұматтар алды.
Сондай-ақ, көрермендерге концерттік нөмірлер көрсетіліп, естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.