ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРТАЛЫҚТАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Қуанышұлы Омаров Шымкент қаласына іссапармен келді.

Іс — сапар барысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының төрт ауданынан ашылған орталықтың бірі Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының жұмыс барысымен танысты. Онда жас мамандармен танысып, атқарылған жұмыстар жайлы сөз қозғады. Арасында жастар арасында кездесетін мәселелерге тоқталып, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сондай-ақ, кездесуде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Жастар ресурстық орталықтарының I алқалы» отырысына ZOOM видео-байланыс ақпараттық жүйесі арқылы қатысты.