ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТАРТУ: ЛЮКСЕМБУРГТЕ ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ПОШТАЛЫҚ МАРКАЛАР ШЫҒАРЫЛДЫ

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі, еліміздің Люксембургтегі Құрметті консулдығы мен «Eurasian Resources Group» компаниясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Люксембургте мерейтойлық пошта маркаларын шығару бастамасын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пошталық маркада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Шығарылған пошта маркалары күнделікті хат-хабарларда, сондай-ақ кәдесый өнімдері ретінде пайдалануға болады.

Мерейтойлық марка «Post Luxembourg» ұлттық пошта компаниясының қолдауымен шығарылды. 

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» логотипі бар марканың алғашқы даналары Люксембург Ұлы Герцогтігінің мемлекеттік құрылымдарының, ұйымдарының, компанияларының, сондай-ақ Люксембургтегі «Қазақстан-Люксембург» Қазақтар қауымдастығының өкілдеріне берілді.

https://egemen.kz/article/293202-lyuksemburgte-qazaqstan-tauelsizdigininh-30-dgyldyghyna-poshtalyq-markalar-shygh