ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Конституциялық заңға қол қойды. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде Конституциялық ресімделуін түбегейлі аяқтады, жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігінің бастауы болды. 6 желтоқсан Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесіне айналады.
2021 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті. Мемлекеттік комиссияның отырысын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Елбасының басшылығымен барлық қиындықтарды еңсеріп, қуатты мемлекетке айналғанын атап өтті. Бүгінде Қазақстан өз егемендігінің төртінші онжылдығына – біздің еліміз үшін аса маңызды кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығының айтулы тарихи күнін мерекелеу кезінде абыржу мен ысырапшылдыққа жол берілмейтінін, әрбір іс-шара елімізге пайда әкелетін нақты қадамдармен байланысты болуға тиіс екенін атап өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын өткізу елімізде жоспарланған реформалар шеңберінде өтуі тиіс.
«Біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын адамдардың әл-ауқатын жақсарту біздің барлық күш — жігеріміздің басты мақсаты болып табылатын нақты істермен және жобалармен атап өтуіміз керек», — деді Мемлекет басшысы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар өскелең ұрпаққа бағдарлануы, халық үшін рухани серпін беруі, азаматтардың, әсіресе, жастардың патриоттық сезімдерін дамытуы тиіс екендігі ерекше атап өтілді. Мемлекет басшысының пікірінше, ақпараттық жұмысты тиімді ұйымдастырып, халыққа мерейтой күнінің маңыздылығын түсіндіру қажет. Сондықтан жасампаздық идеясын кеңінен насихаттау қажет. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін ерекше атап өту қажет. Елбасы саясатының сабақтастығы барлық іс — шаралардың идеологиялық өзегіне айналуы тиіс, — деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, ол мемлекеттілікті нығайтуға, елдің дамуына үлес қосқан азаматтарға тиісті құрмет көрсетілетінін, ал мереке қарсаңында «Қазақстан Республикасының 30 жылдығы»мерекелік медалі шығарылатынын атап өтті.