ТӘУЕЛСІЗДІК ТҮЛЕКТЕРІ:ШЫМКЕНТТІК ДОМБЫРАШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Атырау қаласының ұйымдастыруымен Қаршыға Ахмедияров атындағы «Күй -Ұран» халықаралық жеке домбырашылар және халық аспаптарында орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқауда

Шымкент қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Қаратау» ұлт аспаптар оркестірінің домбырашылары Сүндет Абдужаппаров I-орын иемденсе Нышан Әліби III-орынды қанжығаға байлады.

Шымкенттің абыройын асқақтатқан қос өнерпазымызға зор алғыс білдіреміз. Биіктерден көріне беріңіздер.