ТӘУЕЛСІЗДІК. ТҰЛҒА. ТАРИХ

Тәуелсіздік — қазақ халқының жарқын келешегі үшін, Отаны үшін отқа түсіп, елі мен жері, халқы үшін қасық қанын қиған ата-бабаларымыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы, ал оны сақтап қалу да ата-баба аманаты! Қазақ хандығының тағылымы мол, берері зор, танымы мол тарихи кезеңін тану, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді ұялату, өткеннен тағылым алу болып табылады. Қоғамның негізін құрап отырған жас буын ұлт тарихына терең бойлай отырып, Тәуелсіздіктің шынайы қадір-қасиетін ұғынады.

Тарихты тұлғалар жасайды. Кесек тұлғасы, бекзат болмысымен елі үшін барын салып, жанын салып еткен еңбектері ел есінде. Олардың ғасырлардан үзбей жалғасып келе жатқан азаттық пен тәуелсіздік жолындағы жарқын істері мен ерлігі, тұлғалық белгісі жылдар өткен сайын жарқырай түсуде. Мысалға, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек, Ақназар мен Қасым,Есім мен Тәуекел, Әз-Тәуке мен Абылай хандарменесімдері қатар жүретін, Төле, Қазыбек, Әйтекедей ұлы билердің қайталанбас дара тұлғалары мен артында қалдырған қалың қазақ жұрты мен әлемдік рухани құндылықтар төрінен орын алатын мұрасын зерделеу үлкен міндет.

Сол дәуірдің өшпес дерегіндей болып, замана асулары мен сынынан өткен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның касқа жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», «Абылайдың ақ жолы» деген атпен жеткенДалалық заңдық ережелер Қазақ хандығы мен мемлекеттілігін дәйектей түсетін тарихи құжаттар.

Бүгінгі тәуелсіздік үшін ата-бабаларымыз ғасырларға созылған азаттық үшін шайқастарда етігімен су кешті. Осындай тау тұлғалардың өмірін көркем фильм етіп таспаға түсірсек, көп нәрседен ұтарымыз хақ.