ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕСІН

Өз елін, кіндік кескен жерін сүймейтін адам жоқ. Айналаңдағы алыс-жақын елдерде болып жатқан қырғи-қабақ жайлар мен табиғаттың толассыз қасіретін естігенде, тыныштық пен бейбіт өмірдің қадір қасиетін бағалайсың. «Мың өліп, мың тірілген» халқымның тәуелсіздігі ұлт байлығы тілімзді көркейтіп, ғылым жаңалықтарында жаңа технологияларды кеңінен пайдаланып, республикадағы барлық саланы компьютерлендіруі ғасыр жаңалығы. Үстіміздегі жылдары еліміздің өнеркәсіп орындары дамып, энергетика ресурстары: мұнай жэне газ орындары өркендеп, халықтың тұрмысын жақсартуда біршама игілікті істер атқарылып отыр.

Ең алдымен зейнеткерлердің зейнетақысына жылма-жыл үстеме қосылса, бір кездері Ыбырай арман еткен ауыл мектептері компьютерлендіріліп, 100 мектеп бағдарламасы негізінде бой көтерген білім ордалары мен ұстаз қауымының еңбекақысының өсуі еліміздің мәдени- әлеуметтік жетістігі екені анық. 30 жыл ішінде 1999 жылы «Ұлттар бірлігі», 2000 жыл «Мәдениет жылы», «Ауыл жылы» сынды шаралары тарих бетінен орын алып, еліміздегі интелегенция тобын, ауылшаруашылық мамандары мен дәрігер, экономист, бизнесмендер дайындайтын жоғары оқу орындарының көбейіп, ондағы оқу бағдарламасының әлемнің озық Оксфорд, Кэмбридж сынды оқу орындары үлгісімен құрылуы, шетел мамандары орнын бүгінгі күннің дарынды тұлғалармен ауыстырудағы басты бағыт болып отыр.

Осы  30 жыл ішінде ядролық полигондардың жабылуы, Елбасының халқының қатерлі қыспаққа түспеуін көздеп ұлы держава Қытай және Ресеймен өзара түсіністікпен бейбіт қатар өмір сүруді таңдауы, Оңтүстіктегі Ислам жэне Орта Азия мемлекеттерімен тату көршілік бағыт үстану, ең ықпалды мемлекеттерді мойындатып, БҰҰ халықаралық қауымдастығына Елбасы төрағалық етуі, Азияда жалауының қазақ жерінде көтерілуі, мәдени-рухани өміріміздегі ұлы өзгерістер.

Тәуелсіздік тірегі — білім. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген ұлағатты сөзін нақтылай түседі.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей Қазақстан Еуропа елдерімен терезесі тең ел болып, нық қадам жасаған 30  жыл татулық туын биік көтеру арқылы жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Әлемнің жүзден аса елімен емін еркін достық байланыс жасаған Қазақстан Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаевтай азаматтарын ғарышқа ұшырып, тәуелеіздік арқасында арыстарымыз кітап болып, кесене болып күмбезделіп, ескетркіш, көше болып ортамызға оралды. Жаңа типті мектеп пен лицей, гимназия мен колледждер, ЖОО молайды. Көшелерге ұлт абыройын асырған бабалар есімі беріліп, тұлғасы тұғырлы ескерткіштер дүниеге келіп, бірлік пен тұрақтылық кепілі кеңейді.

Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздіктің ызғарлы желі еңсесін тік ұстаған халқымызды шыңдап, Қайрат пен Ерболдай, Ләзаттай жандар тұлғасымен батырлық пен батылдық үлгісін қалдырды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» келер болсақ, қазақ халқы — батыр халық, ақын халық. Сол батырлықтың бастауынан нәр алған Елбасымыз «Европалық ынтымақтастық және қауіпсіздік» ұйымына төрағалық етіп, 56 мемлекеттен келген өкілдер алдында халқымыздың рухын көтерді.

«Бұтағы көп ағашқа құс қонар» деп ғұлама Махмұт Қашқари ширек ғасыр бұрын айтқан накыл қаншама ұлттың басын біріктірген, береке бірлігін тыныштығын, сақтап отырған бейбітшілікті сүйетін халқымды сол халықтың ертеңіне деген сенімін айқын аңғартады.  Тәуелсіздігімізді  бағалау  әрбір  Қазақстан  азаматының  парызы  болуы  керек.