«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен жастары видео байланыс арқылы қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев форум қатысушыларына арнайы Видеоүндеуін жолдады, оның барысында Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Қазақстанның жас патриоттары Тәуелсіз мемлекет қызметінің барлық саласындағы жетістіктерін нығайтады. Форум жұмысы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табыс етілді, оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев қатысты.

Марапатты табыс ете отырып, Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың жастарды қолдаудағы жоғары рөлін атап өтіп, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, Тәуелсіздік ұрпағы экономикалық қуатты, бейбітшіл және әлеуметтік мемлекет құру бағытын жалғастыратынына сенім білдірді.