ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰЛҒА: АБАЙ ҮЙІ ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕ

Абайдай дара, дана ұлымен қазақ жұрты талай елдің төріне шықты. Әлемнің әр бұрышынан ақынға арнап ескерткіш орнатып, көшелерге атауын бергендер жетерлік. Тәуелсіз елдің есімін шартарапқа жайды. Таяуда ғана Бішкек қаласында «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің ашылу рәсімі өтті.

«Отандастар қоры» КЕАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қырғызстанда тұратын отандастармен кездесу өткізді.

Қырғыз Ұлттық кітапханасының базасында өткен шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса, Мақпал Тәжмағамбетова және қазақтар қауымдастығының төрайымы Гүлшат Асылбаева, Қырғызстандағы қазақ қауымдастығы өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Бішкек қаласында «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Елшілігінің мәліметі бойынша, Қырғыз Республикасында 39 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады.