ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰЛҒА: Украинада Абайдың ерекше ескерткіші ашылды
Украинаның Харьков қаласында «Ойшылдар аллеясы» деген («Аллея мыслителей» — авт.) жаңа алаң ашылды. Алаңның ортасына үш ойшылдың: қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы, украин ақыны Григорий Сковорода мен әзірбайжан ағартушысы Мырза Фатали Ахундовтың мүсіні қойылған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Укаринадағы Қазақстанның елшілігіне сілтеме жасап.
Мүсін авторы – Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбанов. Ол өз туындысын «Өмір дарағы» деп атапты. Ескерткіштің биіктігі 4 метр.
Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев Харьков қаласының басшылығына алғысын айтып, бұл ескерткіш екі елдің арасындағы рухани және мәдени байланысты одан әрі байыта түсетінін жеткізді.
Айта кетейік, «Ойшылдар аллеясының» жалпы аумағы 2 543 шаршы метр. Ол қаланың ең көрікті жерлерінің бірінде орналасқан.