ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЖАСТАР: ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ ЗАРДАБЫН СӨЗ ЕТКЕН СЕМИНАР

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.

Шымкент қаласы Абай ауданы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғау» тақырыбында жастар мен жасөспірімдер зиянды әдеттердің алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты, құқықбұзушылықтың алдын алу және бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, жағымды психологиялық эмоция қалыптастыру.

Кездесуге “Заң талабы” құқық қорғау орталығының психолог маманы Ақбота Хамитова және «Мирас» колледжінің студеттері қатысты. Жастар өздерін толғандырған түрлі сауалдарға жауап алды.