ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ — БІРЛІК

Биылғы жыл — қазақстандықтар үшін тарихи жыл. Осыдан ширек ғасыр бұрын дүниежүзінің картасында Қазақстан атты тәуелсіз ел пайда болды. Содан бергі 30 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халқы үлкен табыстарға жетті, еліміз әлемге танылып, халықаралық аренада беделді мемлекетке айналды.

Біздің ең қымбат қазынамыз, ең басты жетістігіміз — халқымыздың бірлігі. Бірліктің арқасында елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрды. Ал тыныштық пен тұрақтылық қашанда — дамудың кепілі.

Қазақ халқының бір ерекшелігі – ұлттық тәрбиеге үлкен мән беруінде. Ежелгі ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы өз ұрпағын күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы сырнай үнімен, ғашықтық жырымен, асқақтата салған әнімен, мақал-мәтел, шешендік сөз, жаңылтпаш, айтыс-өлеңдерімен тәрбиелеп келген. Осылайша ұрпақ тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөлген.

Тәрбиелі ұрпақ – ертеңгі ел жанашыры, тәуелсіз еліміздің тірегі.