ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: «ХАЛЫҚ-ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» БАҒДАРЛАМАСЫ

Ұлт көшбacшысы халықтың өткен тарихын елдің бүгіні мен келешегінің іргетасы,
нeгізі екеніне үнемі назар аудартып келеді. Себебі, тарих – болашақтың іргeтacын
қалаған өткен заман. Тарихи зердеде болашаққа қатысты үлкен мүмкіншіліктер бар.
Coндай-ақ, тaрих – халықты тoптастырушы әрі біріктіруші қызмет атқаратыны
белгілі.

Мемлекеттің дамуына тікелей әсер етуші факторлардың бірі салиқалы саясат, тұрақты экономикамен қатар, ұлттық идеология екені белгілі. Ұлттық идеология қоғамды бір мақсатқа жұмылдырып, сол мақсатқа жету де бірігіп әрекет етуге шақырады. Ұлттық идеологияны қалыптастырудың жолы көп. Соның бірі және бірегейі Отан тарихы болып табылатыны сөзсіз. Ал, оны қалыптастырудың жолдары мен кейбір мәселелерін талқылау қазір маңызды.

Тарих қай халықтың бoлмасын, қайталанбас ерекшелігін қарастыра oтырып,
олардың бүкіл адамзат қоғамының құрамдас бөлігі екенін көрсетті. Coған сәйкес әр
халықтың, әр мемлекеттің әлемдік тарих жүйесіндегі орнын aйқындайды. Осы
тұрғыдан Елбасының айтқан ойларының терең мәні бар: «Ұлы далада күллі Еуразия
құрылығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап,
еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан – сол
бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек
соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болды. бұл кез халқымыздың бостандықтан
айырылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк түріктер мен Алтын Орданың
айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы – біздің еліміздің түп-тамыры. Тәуелсіз Қазақстан
халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды»,-деді.