ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ITF ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыда алғаш рет теннистен өткен ITF W25 турнирінің чемпионы атанды, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Жібек Құламбаева поляк қызы Мартина Кубкамен бірге финалда сербиялық Тамара Курович – эстониялық Елена Малыгинамен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-польшалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Жібек Құламбаеваның спорттық жолындағы ITF W25 деңгейіндегі бірінші табысты жеңісі.
Қарағандыда жекелей сында Беларусь өкілі Юлия Готовко үздік шықты. Ол соңғы бәсекеде ресейлік Екатерина Казионованы 7:5, 6:0 есебімен тізе бүктірді.