ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: СӘКЕН БИБОСЫНОВ ОЛИМПМИАДА ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ
Белградтағы бокстан әлем чемпионаты жерлесіміз үшін сәттілік әкелді. Қазақстандық Сәкен Бибосынов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Хасанбой Досматовты айқын басымдықпен жеңді.
Ринг алаңындағы өнері өрге басып келе жатқан қазақстандық боксшының жекпе-жегі 26 қазан күні өтті. Өзбекстандықпен 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Жерлесіміз кездесуді ұпай бойынша жеңіп шықты.
Сәкен Бибосынов келесі қезеңде қырғызстандық Азат Үсеналиевтен басым түскен Үндістан боксшысы Дипакпен ринг алаңында жұдырық түйістіретін болады. Мерейімізді асырады деген үмітіміз мол.