ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ӘЛЕМДІК ҒАРЫШҚА ҮЛЕС ҚОСҚАН ЕЛ

Соңғы онжылдықта Қазақстан ғарыш саласын дамытуда үлкен қадам жасады. Заманауи ғарыш инфрақұрылымы құрылды, ғарыш техникасы мен технологияларының отандық үлгілерін әзірлеуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Елімізде ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтеріне өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін құрылған қазіргі заманғы ғарыш инфрақұрылымын тиімді пайдалану бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығында басталған бірқатар жобаларды сәтті аяқтауға дейін жеткізуге тиіс. Мен Астанадағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін, қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін, ғарыштық мониторинг пен жерүсті инфрақұрылымының ұлттық жүйесін, жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесін айтып отырмын» деген еді. Ел экономикасы мен қауіпсіздігі үшін ғарыш технологияларын құру және пайдалану жөніндегі бұл жұмыстар бүгінде орындалуда.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің № 350 Жарлығына сәйкес ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Бейбіт Атамқұлов ҚР ҚАӨМ министрі болып тағайындалды. «Байқоңыр»ғарыш кешенін дамытудың жаңа кезеңі. ҚР мен РФ арасындағы «Байқоңыр» кешеніндегі одан арғы ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылды. «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары өз мәртебесін нығайтуда. 2017 жыл жыл сайынғы «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары халықаралық форумға айналды және ҚР ҚАӨМ қамқорлығымен өтті. 2017 жыл Жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылғанына 60 жыл толуына орай Нұр-Сұлтан төрінде тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің бюсті орнатылды.