ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: АУЫЛДАҒЫ КӘСІБИ КАДР ҚҰРАМЫ ҰЛҒАЮДА
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінде 64 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 12 мыңнан астам дәрігер мен 51 мың орта медицина қызметкері еңбек еткен.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауылда клиникалық мамандықтар кадрларына қажеттілік 932 бірлікті құрады (оның ішінде МСАК – 766 бірлік, стационар – 166 бірлік). Ауылдық елді мекендерде дәрігерлердің ең көп қажеттілігі Ақмола (108), Алматы (105), Түркістан (84), Қарағанды (83), Қостанай (82), Батыс Қазақстан (78), Маңғыстау (77), Жамбыл (73) облыстарында байқалады. Мамандықтар бөлінісінде ең көп қажеттілік жалпы практика дәрігерлеріне (251), педиатрларға (49), анестезиолог-реаниматологтарға (44), инфекционисттерге (38), акушер-гинекологтарға (38), кардиологтарға (33), терапевтерге (30), хирургтарға (24), неонатологтарға (12), эпидемиологтарға (11) байқалады. Қазіргі уақытта кадрлар тапшылығын төмендету мақсатында практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне негізделген медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі күшейтілді.
Жыл сайын резиденттерді — 1500 орын, бакалаврларды — 2 700 орын, интерндерді — 4 888 орын даярлауға гранттар бөлінеді. Өңірлерге медицина кадрларын тарту үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР жаңа Кодексінің шеңберінде өңірлендірудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге және медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған іс-шаралар көзделген (тұрғын үйді міндетті түрде беру, жәрдемақы төлеу, ЖАО шешімі бойынша коммуналдық шығыстарды өтеу және т.б.).
Жоғарыда көрсетілген шаралар кәсіби кадр құрамын бекітуге, кадрлар тапшылығын қысқартуға, халыққа, оның ішінде ауылда медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, ауыл мен қала арасындағы медициналық кадрлардағы теңгерімсіздікті реттеу, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алған медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, Жергілікті атқарушы органдардың жас мамандарды тартуға және ұстауға жауапкершілігін күшейту.