ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ ӨСУДЕ

Жер шары — бүкіл адамзаттың ортақ мекені болғандықтан, өзге елдермен қарым-қатынасымыздың оң бағытта өрбігенін құп көреміз. Көптеген мемлекеттер алыс-беріс, барыс-келіс жасасатын қуатты елге айналып келеміз. Әрине, мұнда экспорттың жөні бір бөлек. Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясы саласындағы тұрақты прогресс оның экспорты географиясының кеңеюімен қоса жүреді. Қазақстандық өнім әлемнің 117 еліне экспортталады. Бұл жөнінде Елбасы «Біздің ерекшелігіміз Қазақстанның кен байлығы болып саналады. Ол – Қазақстанның мұнайы-газы, түсті және қара металдары, басқа минералдары. Екіншісі – біздің кең даламыз, астығымыз, малымыз. Қазір біз дүние жүзінде ұн, уран, хром экспорты жөнінен алдыңғы орындардамыз», — деген еді.

2015 жылы Қазақстан 204 елдің арасында әлемдік экспорт көлемінің тиісінше 0,28 % үлесімен 50-орын, 2016 жылы 0,23 % үлесімен 52-орын алды. Экспорттық себеттің географиялық құрылымында 6 ел басымдыққа ие (Италия, Қытай, Нидерланды, Ресей, Франция, Швейцария), соңғы 10 жылда оларға тауар экспортының жалпы көлемінен шамамен 63 % экспортталды.

Қазақстандық тауарлар мен көрсетілген қызметтер экспорты 2012 жылы шарықтау шегіне жетіп, 91,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың құрылымында мұнай мен газ конденсатының басым болуына байланысты оның құны құбылмалылығымен ерекшеленеді және көмірсутегі шикізатының бағаларымен сәйкес келеді.

Дегенмен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-дегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортының үлесі 32 %-ды құрады, бұл көптеген ірі дамыған және дамушы экономикалардың ұқсас көрсеткіштерінен жоғары.

Елбасының айтуынша, мына индустриялық бағдарламаны, өңдеу өндірісін алға шығарып жатқаны неліктен? Сыртқа басқа да тұтынатын тауарлар шығару үшін. «Ауыл шаруашылығына келсек, тек бидай мен ұнды ғана сатпай, одан шығатын нанды да, кеспені де жөндеп сатқанымыз дұрыс. Малды, етті жай ғана сатпай, неше түрлі шұжық, ет тағамдарын дайындаған жөн.  Киім тігіп, өндірісте неше түрлі машина, құрылғылар жасауымыз керек», — деді Елбасы.