ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Мемлекет басшысы өз жолдауында: Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог деп айтты.  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана сөз бар. Ұйымшылдықты ту етіп,  еліміздің 30 жылдық аясында халық пен билік бірігіп жұмыс жасаса елдің жеткен жетістігі еселене түсері даусыз.

Билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген қарапайым адамға дұрыс қарап, мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір ­де, міне, осы. Бір қуанарлығы, ай­тыл­­ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.

Қазіргі уақытта барлығымыз дерлік ғаламторды қолданамыз, әлеуметтік желілерді кең көлемде пайдаланымыз. Мемлекеттік органдар, тіпті сол мемлекеттік органдардың өкілдері, басшылары әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, тіркеліп, халықпен ашық диалог құруда.

Ел Президенті Қ.К. Тоқаев: «Министрлер мен әкімдер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын берік ұстануға тиіс. Азаматтардың арыз-тілектеріне жедел жауап беру қажет. Ең бастысы, Тәуелсіздіктің игіліктерін әрбір отандасымыз күнделікті тіршілігінде сезіне алатын болса – мақсатымыздың орындалғаны», – деп атап өтті. Сондықтан да, тиісті мемлекеттік органдардың халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, халықпен жұмыс істеу тәсілі ашық бағытты ұстанғалы атқарылған шаруа да шаш етектен.