ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: КӘСІПКЕРЛЕР КӨПТЕП ДАЙЫНДАЛУДА
Елбасы Қазақстан 2050 жылы дамыған елдердің қатарына қосылу туралы жоспарды бекітті. Ал, дамыған елдегі шағын және орта кәсіптің көлемі жоғары болуы шарт. Сондықтан, елімізде кәсіпкерлікті ұлғайту, дамыту бойынша түрлі шаралар қабылданып, барынша жеңілдетілген, оңтайланған бағдарламалар қабылдануда. «Бастау Бизнес» жобасы «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, оның ішінде кәсіпкерлік негіздеріне онлайн режимде оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:
1) тестілеуден өтеді;
2) бизнес-менторлық қағидат бойынша топтарда практикалық оқыту және дербес консультация беру немесе веб-портал арқылы қашықтықтан білім алады;
3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындалады;
4) сату тізбесін жасауға жәрдем алады (алдын ала шарттар жасасу);
5) бизнес-жобаны іске асыруды он екі айға дейін, ал табысы аз және/немесе көпбалалы отбасы мүшелерін он сегіз ай ішінде кеңес ала алады.
Оқу процесінің жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімді құрайды. Онлайн режимде оқып жатқан адамдарды қоспағанда, «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы, мемлекеттен кәсіпркерлерге берілетін түрлі көмектер, кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.
Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ, қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды. Психологтың кеңесімен де қамтылады. «Психологпен жұмыс істеудің артықшылығы көп. Кейде нақты немен айналысарыңды білмей, қандай іс бастасам, менің жаныма не жақын? деген сұрақтар туып жатады. сондай сәтте психолог маман саған өз кеңесін бере алады», — дейді жоба қатысушысы Перизат.
«Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған «Еңбек»бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті немесе кооперацияны дамыту жөніндегі жобаны іске асыруға қатысатын адамдар кредиттер/микрокредиттер алу үшін басым құқыққа ие болады.
Нұри ӘДІЛ