ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 22 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

24-30 тамыз аралығында Германияның Вейден қаласында биатлоннан және триатлоннан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 21 медаль (4 алтын, 9 күміс, 8 қола) жеңіп алды.

Биатл мен триатл спорт түрі қазіргі бессайысты танымал ету, спорттың бұқаралығы мен қолжетімділігін арттыру үшін құрылған. Жарыстар су қоймасының немесе теңіздің жағасында ашық жерде өткізіледі және жүгіру, жүзу және ату сияқты спорт түрлерін қамтиды.

Қазақстан делегациясында 14 адам бар. Спортшылар: Темірлан Теміров, Аян Бейсенбаев, Мейірлан Ысқақов, Мурат Жәкен, Максим Шмулич, Рашит Романчук, Никита Дубинцкий, Ілияс Әлиев, Юлиана Петрова, Ангелина Редченко, Анатолий Голубь және Анастасия Захарова. Жаттықтырушылар – Сергей Пихидько мен Юрий Соловьев. 12 спортшы жекелей сында және эстафета-микс бойынша бақ сынады. 

Сапар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бас серіктесі және Туризм мен спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен жүзеге асырылды.