ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ШЫМКЕНТТІҢ ТҰҚЫМБАҒЫ 5,4 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда еліміздің орман қорында 2 миллиардтан астам, ал елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуды айтқан болатын. Осы бағытта Шымкент қаласының жасыл алқап көлемін ұлғайту мақсаты қойылды. Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асуыру үшін ағаш-бұта көшеттерін өсіруге арналған орман тұқымбақтарын дамыту қажет.Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі тұқымбақ аумағы жыл соңына дейін 2,8 гектардан 8,2 гектарға ұлғайтылатын болады. Сонымен бірге, аталған мекемеге мемлекеттік орман қорынан 752,8 гектар жер учаскесі бекітіліп берілді.Тұқымбақ жер учаскелерінде қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту мен қала көшелерін, өндірістік нысандарын көгалдандыруға қажетті ағаш-бұта көшеттерін өсіру көзделуде. Бірінші кезекте тұқымбақтың 8,2 гектарына 19 түрлі ағаш-бұта тұқымдары өңдеп себіледі және 1,7 гектар жерге әртүрлі тал, ағаш, бұталардың 140 мың дана қаламшасы отырғызылады. Жоба бойынша өсіріліп жатқан ағаш-бұта көшеттерінің саны 1 миллион 770 мың данаға жетуі тиіс.Өткен жылы аталған тұқымбақтағы 2,8 гектар жерге 18 түрлі ағаш-бұтаның 86 220 ағаш тұқымдары егілді. Атап айтқанда қарағаш, үйеңкі, емен, талшын, өрік, бадам, қарамала, шаған және шабдалы, жиде, алмұрт, жайарша, айлант, сакура, катальпа, терек, бүйірген, сәмбі тал.Сонымен қатар мекеме тарапынан ағымдағы жылы тұқым жинау жұмыстары жүргізіліп. Нәтижесінде жалпы 1863 кг (1500 кг – емен, 3 кг – алма, 30 кг – өрік, 50 кг – қара өрік , 280 кг – каштан) ағаштарының тұқымдары жиналды.